Сурет: Egemen Qazaqstan
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён шағын және орта бизнес пен стартаптар істері жөніндегі министр Хан Сон Сукті премьер-министр қызметіне ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Reuters агенттігінің президент әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, егер парламент бұл кандидатураны мақұлдаса, Хан Сон Сук соңғы 20 жылдағы Оңтүстік Кореяның алғашқы әйел премьер-министрі атанады.
Бұған дейін оңтүстіккореялық интернет-алып Naver компаниясының бас директоры қызметін атқарған Сон Сук елдегі жасанды интеллект технологияларын енгізу үдерісіне жетекшілік етеді деп күтілуде. Бұл туралы брифинг барысында Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлімдеді.
«Хан Оңтүстік Корея экономикасының жартылай өткізгіштер өндірісінің қарқынды дамуы мен экспорттың өсуі нәтижесінде қол жеткізген өсімін шағын және орта кәсіпорындарды қоса алғанда, қоғамның барлық саласына әсер ететін жан-жақты экономикалық өсімге айналдыра алады», деді ол.
Агенттік мәліметінше, Оңтүстік Кореяның президенттік басқару жүйесінде премьер-министрдің рөлі негізінен рәсімдік және әкімшілік сипатқа ие.

