Categories Ақорда

Олжас Бектенов су тасқыны қаупіне қарсы қызметтердің дайын болуын талап етті

Сурет: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов гидрологиялық жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ол төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен вице-министр Нұрлан Алдамжаровтың, сондай-ақ бірнеше өңір әкімдерінің қауіпті гидрологиялық құбылыстарға байланысты есептерін тыңдады. ТЖМ-ның Республикалық жедел штабы мен өңірлік штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Алматы қаласы мен облысындағы жағдай бойынша Шыңғыс Әрінов 12 су бекетінің тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлады. Ақсай бөгетінде қорғаныш үйіндісін ұлғайту, инертті материалдармен нығайту және үздіксіз бақылау жүргізілуде. Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы жағдай бақылауда. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылып, жағалау нығайтылып, өзен арналары тазартылуда. «Қазселденқорғау» бекеттері тұрақты мониторинг жүргізеді. Қазір су деңгейі қалыпты.

Маңғыстау облысында ТЖМ әкімдікпен бірлесіп су айдау және су басу салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда. Қажетті күштер мен құралдар кез келген өзгеріске жедел ден қоюға дайын. Жалпы, су тасқыны қаупі жоғары өңірлерде ТЖМ күштері мен авиациясы алдын ала күшейтілді. Құтқару бөлімшелері мен инженерлік техника кезекшілікте.

Қазгидромет болжамы бойынша, алдағы күндері еліміздің барлық аумағында жауын-шашын мол болады. Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр күтіледі.

Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов тапсырма берді: «Алматы, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктеріне қалыптасып отырған жағдайды ерекше бақылауда ұстасын. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел шаралар қабылдасын».

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақ ұлттық спорт университетінің жаңа ғимаратындағы технологиялық жабдықтар мен білім беру жағдайларымен…

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Астана әуежайы автотұрақ тарифтерін жаңартады

Астана әуежайы автотұрақ тарифтерін жаңартып, ұзақ мерзімді тұрақтар мен тегін тұрақты сақтайды. Қысқа мерзімді тарифтер…