Categories Ақорда

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесті

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында өнеркәсіп пен цифрландыру саласында жетекші орындарға ие қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесулерде Қазақстан үшін басым салаларда – АӨК, өнеркәсіп, көмір химиясы, автомобиль жасау және дата-орталықтар құру бойынша жаңа шетелдік жобаларды іске қосу перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер аясында шетел инвестицияларын тарту, өндірістерді локализациялау және технологиялар трансфертінің мүмкіндіктері талқыланды.

Yulin Irrigation компаниясының бас директоры Ци Юбомен кездесуде Қазақстанда заманауи ирригациялық технологияларды енгізу мәселелері сөз болды, оның ішінде Қызылорда облысында ирригациялық жабдықтарды құрастыру жобасы да бар. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және ирригациялық инфрақұрылымды дамыту – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Yulin Irrigation – ҚХР-дағы ирригациялық жабдықтарды жетекші өндірушілердің бірі, ол заманауи суару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге, енгізуге және сервистік қолдауға маманданған.

Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэймен көмір химиясы, металлургия және минералды шикізатты терең өңдеудегі ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Жобада көмірді жартылай кокс, сутегі және жоғары сапалы мұнай өнімдеріне айналдыратын, сондай-ақ молибден, германий және рений сияқты сирек металдарды терең өңдейтін қосылған құны жоғары «көмір – электр энергиясы – химия – металлургия» интеграцияланған тізбегін құру көзделген.

SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхунмен Қазақстанда заманауи деректер орталықтарын құру жоспары талқыланды. Компания ЖИ-инфрақұрылымдарға және жоғары тығыздықтағы деректерді өңдеу орталықтарына арналған шешімдерді дамытумен айналысады әрі Қазақстанда 2026-2029 жылдары кезең-кезеңімен іске қосылатын, қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін AI Data Center кластерін құруға мүдделі. ЖИ-кампус салу, энергиямен жабдықтауды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтары үшін серверлік жабдықтар мен технологиялық шешімдерді жеткізіп беру көзделіп отыр.

Экономиканың барлық секторларына жасанды интеллектіні енгізу және цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен 2029 жылға дейінгі «Цифрлық Қазақстан» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр ұсынысты егжей-тегжейлі зерделеу және инвестормен өзара іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Jinyi Holding Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзинь Пэнмен арнайы индустриалды аймақ құру және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Холдинг өнеркәсіптік инвестициялар, логистика және жаңа энергетика саласында жұмыс істейді. Jinyi Holding Group Қазақстанда екі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр, олар – Ақтөбедегі «жасыл» мыс өнеркәсібі зауыты және Батыс Қазақстан облысындағы индустриялық-логистикалық хаб.

Ақтөбе облысында шетелдік өндірушілерді жедел локализациялау үшін дайын инженерлік инфрақұрылымы бар ірі индустриялық-логистикалық паркін құру бастамасы бөлек талқыланды. Терең өңдеуді және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ықпал ететін жоғары қосылған құны бар дайын өнімді шығаруға бағытталған өндіріске баса назар аударылды.

Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синьямен кездесуге Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау перспективалары арқау болды. GAC компаниясы – Fortune Global 500 рейтингіне кіретін Қытайдың ірі автомобиль өндірушісі. Жобаны жүзеге асыру GAC автомобильдерін Қазақстан нарығына дистрибуциялаудан жергілікті өндіріске көшуге мүмкіндік береді. 2026-2028 жылдары іштен жану қозғалтқыштары мен гибридті күштік қондырғылары бар модельдерді қоса алғанда, 17 мың машина шығару жоспарланып отыр.

Қазақстан үшін аккумуляторлық батареялар мен энергия жинақтау жүйелерінің жаңа технологиялық өндірісін құру мүмкіндіктері CATL компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Цэн Юйцюнмен талқыланды. Шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын аккумуляторларды, энергияны сақтау жүйелерін шығаруға, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды кәдеге жаратуға дейін қосылған құны жоғары бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды. CATL – электромобильдер мен энергияны сақтау жүйелеріне арналған әлемдегі ең ірі аккумулятор өндірушісі.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері…

Қуат Әуесбай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды

Қуат Әуесбай «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Egemen Qazaqstan»…

Ерсұлтан Бектұрғанов: Мемлекеттік қызмет үздіксіз ізденісті талап етеді

Шілде айынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң күшіне енеді. Бұл құжаттың мақсаты…