Сурет: Үкімет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы мен инфрақұрылымның дамуы жөніндегі баяндамаларды тыңдап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды.
«Сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда, менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30%-ға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына ҚТЖ небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде», деп атап өтті Олжас Бектенов.

