Спорт

Олимпиада-2028: World Boxing іріктеу турнирлерін өткізетін мемлекеттерді жариялады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Шотландияның Глазго қаласында World Boxing Атқару комитетінің отырысы өтіп, онда 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) болатын Олимпиада ойындарына жолдама беретін бокс турнирлерін ұйымдастыратын мемлекеттер бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2027 жылғы құрлықтық іріктеу жарыстары: Америка – АҚШ, Азия – Қытай, Еуропа – Еуропа ойындары (Стамбұл), Мұхит аралдары өңірі – Самоа, Африка – Нигерия.

Ал 2028 жылғы әлемдік екі іріктеу турнирі Италия мен Венгрияда өтеді.

Турнирлердің нақты күндері мен ұйымдастыруға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.

Көп оқылғандар