Спорт

Өзбекстан футболшылары киім ауыстыру бөлмесін тазалап, жазба қалдырды

Сурет: Өзбекстан футбол қауымдастығы

Колумбиядан 1:3 есебімен жеңілген Өзбекстан құрамасы матчтан кейін киім ауыстыру бөлмесін тазалап, ұйымдастырушы Мексикаға алғыс білдірген жазба қалдырды. Бұл әрекет жанкүйерлердің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Футболшылар қалдырған жазбада: «Мексика, көп рақмет! Әлем чемпионатында сәттілік! Рахмат!» делінген. Фотосуретті Өзбекстан футбол қауымдастығы өзінің ресми Telegram-арнасында жариялады.

Топтық кезеңнің екінші турында Өзбекстан құрамасы 23 маусым сағат 22:00-де Португалиямен кездеседі. Ал 24 маусымда таңғы сағат 07:00-де Колумбия Конго Демократиялық Республикасына қарсы ойнайды.

Көп оқылғандар