Сурет: Egemen Qazaqstan
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы ойынында Конго Демократиялық Республикасынан 3:1 есебімен жеңіліп, турнирді аяқтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Конго сапында Йоан Висса екі гол соғып, дубль жасаса, Фистон Майеле тағы бір гол енгізді. Өзбекстанның жалғыз голын Элдор Шомуродов соқты.
Осы жеңіспен Конго 4 ұпай жинап, K тобында үшінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Өзбекстан ұпайсыз топ соңында қалып, әлем чемпионатымен қоштасты.

