Облыс әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады.

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты болады» деген болатын. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – қашан да ең жауапты, ең ізгі де абыройлы міндет. Сіздер осы қасиетті жолда жоғары кәсіби біліктілік пен адами жанашырлық танытып, халықтың шынайы сеніміне ие болып келесіздер, – деді Нариман Төреғалиев.

Жиын барысында сала үздіктеріне “Еңбек ардагері” медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

 

Ұқсас жазбалар

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…