Сурет: ашық дереккөзден
Оңтүстік Африка Республикасының екі қаласында болған жаппай атыс кезінде 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдары екі оқиғаның арасында байланыс бар-жоғын анықтап жатыр. Күдіктілердің жеке басы мен қылмыс себептері әзірге белгісіз.
Шабуыл жасағандарды іздестіруге полицияның қосымша күштері жұмылдырылды. Оқиға туралы ақпараты бар азаматтарды полицияға хабарласуға шақырады.
ОАР зорлық-зомбылық қылмыстары жиі тіркелетін елдер қатарында. Қолда бар мәлімет бойынша, мұнда күн сайын орта есеппен 60-қа жуық адам қаза табады.
Мазмұнға өту
