Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдені жеңіп алған еді. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысын 2:1 есебімен жеңді.
