Сурет: Egemen Qazaqstan
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы тұңғыш жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
1/8 финал кезеңінде қазақстандық боксшы ауғанстандық Силаб Нуриді айқын басымдықпен ұтты. Кездесу қорытындысы — 5-0. Отандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан Азия ойындарының ширек финалына жолдама алғаны мәлім. Ал қыздар арасындағы бәсекеде жерлесіміз Виктория Графеева жарысын аяқтады.
