Спорт

Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлде алды

Сурет: ҰОК

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Нилуфар Раимова Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

57 келіге дейінгі салмақта қола үшін белдескен қазақстандық балуан Шри-Ланка спортшысы Нетми Ахинса Фернандодан айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Раимова Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль қосты.

Бұған дейін Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ еркін күрестен әлем чемпионы Азияда қола медаль алды.

Көп оқылғандар