Спорт

Николя Пепенің дублі Кот-д’Ивуарды плей-оффқа шығарды

Сурет: championat.com

Әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші турда Кот-д’Ивуар құрамасы Кюрасаоны 2:0 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матч АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы «Линкольн Файненшел Филд» стадионында өтті. Төреші қызметін швециялық Гленн Нюберг атқарды.

Африкалық команданың шабуылшысы Николя Пепе екі гол соғып, командасын келесі кезеңге алып шықты. Ол есепті 7-минутта ашты, ал 64-минутта дубль жасады.

Үш матчтан кейін Кот-д’Ивуар алты ұпай жинап, Е тобында екінші орынға ие болды. Ал нидерландылық бапкер Дик Адвокат жаттықтыратын Кюрасао бір ұпаймен соңғы орында қалып, турнирмен қоштасты.

Көп оқылғандар