Басты тақырып

Непалдағы табиғи апат: 17 адам қаза тауып, 400-ге жуық адам із-түзсіз жоғалды

Сурет: ашық дерекөздерден

Непалда магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісінен кейін ірі опырылу болып, өзен арнасын бөгеген. Соның салдарынан жойқын су тасқыны жүріп, кемінде 17 адам қаза тапты. 400-ге жуық адам із-түзсіз жоғалған, олардың арасында шетелдік туристер де бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тасқын салдарынан тұрғын үйлер, жолдар, көпірлер мен энергетикалық нысандар қираған.

Іздеу-құтқару жұмыстарына әскерилер мен полиция қызметкерлері тартылды. Құтқару операциясына 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Көп оқылғандар