Әлем

Непалда су тасқынынан кейін инфекция қаупі күшейді

Сурет: istockphoto.com

Непалда жойқын су тасқынынан кейін инфекциялық аурулардың таралу қаупіне байланысты дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Апат салдарынан су құбырлары мен сорғы станциялары бүлініп, мыңдаған отбасы таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, тұрғындардың бір бөлігі тіршілік көзін ластанған ортадан алуға мәжбүр.

Сонымен қатар су айдындары мен үйінділер астында қалған жануарлардың өлекселері бактериялардың тез таралу қаупін арттырған.

Еске салайық, табиғи апат 26 тамызда болды. Непал билігі алапат апат салдарынан 800-ге жуық адам қаза тапқанын хабарлады.

Көп оқылғандар