Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде финалға жолдама алды. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол Таиланд спортшысы Натничя Чонгпронгклангпен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен (3:2) жеңіс Назым Қызайбайға берілді.
Сондай-ақ өз салмақ дәрежелерінде Виктория Графеева мен Абылайхан Жүсіпов те финалға шықты. Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді.
Ал Санжар Тәшкенбай, Аида Әбикеева және Айбек Оралбай жарысты жалғастыруда.
Еске салайық, бұған дейін бокстан әлем Кубогында ел қоржынына екі қола түскенін хабарлаған болатынбыз.

