Categories Спорт

Назым Қызайбай әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Назым Қызайбай әлем Кубогының финалдық кездесуінде италиялық Сирине Чараабиді жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай финалда әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері италиялық Сирине Чараабиден үш раундта да басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында 48 келі салмақта топ жарған еді.

Жарыс жолында Назым Қызайбай кездескен қарсыластар: жартылай финалда Натнича Чонгпронгкланг (Тайланд) — 3:2, ширек финалда Виктория Рогалинска (Польша) — 5:0, 1/8 финалда Им Э Джи (Оңтүстік Корея) — 4:1.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Жапония Тунисті ірі есеппен ұтты

Футболдан Жапония ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунисті 4:1 есебімен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем Кубогының чемпионы атанды

Бокстан әлем Кубогының екінші кезеңінде Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды. 70 келі салмақта сынға түскен боксшымыз…

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Ол Назым Қызайбайдың жеңісті жолын жалғастырды.