Categories Көңіл ашар

«National Geographic Qazaqstan» 10 жылдығына орай елшілерін таңдады

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналының 10 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Осы күні басылымның ресми елшілері анықталды.

1888 жылдан бері шығып келе жатқан атақты журналдың қазақстандық нұсқасына биыл 10 жыл толды. Мерейтой қарсаңында ұйымдастырушылар арнайы елшілерді іріктеп алды.

«Біздің елшілер – журналдың идеясын халыққа таратушылар. Олар табиғатты қорғау, ғылым мен мәдениетті насихаттау ісінде белсенді болады», – деді ұйымдастырушылар.

Журналдың қазақстандық редакциясы 10 жыл ішінде еліміздің табиғи байлығы мен мәдени мұрасын дәріптеп келеді. Елшілердің міндеті – осы жұмысты одан әрі жандандыру.

Ұқсас жазбалар

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы жеке парақшасын қайта қалпына келтірді.

Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram-ын өшірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Instagram парақшасын жауып тастады. Жанкүйерлер алдымен оның аккаунтындағы барлық жазбалардың жоғалғанын,…

«Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Қырғызстан астанасында өткен IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде отандық «Qaitadan» фильмі бас жүлдені иеленді.