Categories Қоғам

Нариман Төреғалиев: Батыс Қазақстан облысында инвестициялық белсенділік артып келеді

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында баяндады.
Мемлекет басшысы инвестиция тарту жұмысын күшейтудің маңызын үнемі атап өтуде. Бұл бағытта БҚО-да нақты істер жүзеге асуда. Облыс әкімінің баяндауынша, соңғы екі жылда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,4 трлн теңгені құраған. Оның ішінде жекеменшік инвестиция көлемі – 986,4 млрд теңге, бұл жалпы көлемнің 72,6%-ын құрайды.
2023–2024 жылдары облыста жалпы құны 134 млрд теңге болатын 66 жоба іске асырылып, шамамен 1600 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өңір басшысы алдағы 5 жылда жалпы құны 2,6 трлн теңге болатын 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын жеткізді.
«Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6,9%-ға артып, 193,5 млрд теңгені құрады. Бұл – 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден жоғары. Биыл жалпы сомасы 56,9 млрд теңге болатын 35 жобаны іске қосу жоспарланған, нәтижесінде 837 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде 3 жоба сәтті жүзеге асырылды»,- деді өңір басшысы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Медбикелер күні: Жайық өңіріндегі мейірім жанашырлары

12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Жайық өңіріндегі медбикелердің еңбегі ерекше бағаланады.

Астанада Geo Star олимпиадасы: жеңімпаздар кімдер?

Астанада Geo Star ұлттық география олимпиадасының финалы өтіп, жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды Алматы оқушысы алды.

15 мамыр — Халықаралық отбасы күні  

15 мамыр — отбасының қоғамдағы маңызын айқындайтын ерекше күн. Бұл күн — сыйластық пен сүйіспеншілікке,…