Сурет: Aikyn.kz
Қазақстандық гимнаст Нариман Курбанов Словенияда өтіп жатқан Challenge Cup халықаралық турнирінің финалына бірінші орынмен жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іріктеу кезеңінде Курбанов үздік нәтиже көрсетіп, финалға сенімді өтті. Онымен бірге Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі финалға ілікті. Енді жерлесіміз әлемнің мықты гимнасттарымен бақ сынайды.
Нариман Курбановтың бұл жетістігі — оның кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Қазақстандық жанкүйерлер финалда жеңіс күтеді.

