Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Мысыр мен Аустралия құрамалары кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Есепті 13-минутта мысырлық жартылай қорғаушы Эмам Ашур ашты. 55-минутта Мысыр қорғаушысы Мохамед Хани өз қақпасына гол соғып, есеп теңесті.
Негізгі және қосымша уақытта есеп өзгермеген соң, пенальти сериясында Мысыр 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Аустралия D тобында екінші орынмен, ал Мысыр G тобында екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын.
Мысыр құрамасы 1/8 финалда Аргентина мен Кабо-Верде арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

