Сурет: ашық дереккөз
Ормұз бұғазындағы жағдайдың қайта шиеленісуі әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуіне себеп болды. Brent маркалы мұнайдың баррелі 97 долларға жуықтаса, WTI бағасы 92 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өткен аптада Brent бағасы шамамен 8 пайызға, ал WTI 10 пайызға қымбаттаған. Бұл өсімге АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы әсер етті. Тараптардың мұнай тасымалдайтын танкерлерге қарсы соққылары Ормұз бұғазы арқылы жүк кемелерінің қозғалысын айтарлықтай шектеді.
Соңғы он күнде бұғаз арқылы тәулігіне орта есеппен небәрі 10 жүк кемесі өткен. Бұл мамыр айынан бергі ең төмен көрсеткіш.
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, теңіз блокадасы қайта басталғалы бері америкалық күштер Иранмен байланысты 90-нан астам коммерциялық кеменің бағытын өзгерткен.
Reuters агенттігінің сарапшылары жағдайдың шиеленісуіне байланысты Таяу Шығыстан мұнай жеткізу көлемі 2027 жылдың көктеміне дейін шектеулі болуы мүмкін деп болжайды.
Бұған дейін ОПЕК+ елдері қазан айында мұнай өндіру көлемін қыркүйектегі деңгейде сақтауға келіскенін хабарлаған едік.
