«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски клубтан кететінін ресми түрде мәлімдеді. Поляк футболшысы өзінің миссиясын аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Левандовски «Барселонадағы» уақытын еске алып, командамен бірге жеткен жетістіктерге тоқталды. Ол клубқа келгендегі мақсаты – жас ойыншыларға тәлім беру және команданы жаңа биіктерге көтеру екенін атап өтті.
«Мен миссиямды орындадым. Енді жаңа шақыруларды қабылдау уақыты келді», – деді Левандовски.
Футболшының келесі клубы әзірге белгісіз, бірақ бірнеше еуропалық топтың оған қызығушылық танытып отырғаны хабарланды.

