Сурет: Egemen Qazaqstan
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жүлдегері Михаил Шайдоров қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы Алматыдағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне спорттық жабдықтар сатып алуға арналған сертификаттар сыйлады. Қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 6 миллион теңге болды.
30 жас спортшының әрқайсысына 200 мың теңгеден сертификат берілген. Бұл қаражат балаларға қажетті спорттық құрал-жабдықтар алуға мүмкіндік береді.
Қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Балаларға қуаныш сыйлап, олардың өз күшіне деген сенімін арттыра алғаныма қуаныштымын, — деді Михаил Шайдоров.

