Сурет: instagram.com / Joan Monfortя
Әлеуметтік желіде Лионель Мессидің 5 айлық Ламин Ямалды шомылдырып отырған суреті кең тарады. Бұл сурет 2007 жылдың желтоқсанында ЮНИСЕФ пен «Барселона» қоры ұйымдастырған қайырымдылық күнтізбесіне арналған фотосессия кезінде түсірілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ямалдың отбасы түсірілімге қатысу мүмкіндігін кездейсоқ ұтып алған. Бес айлық сәбиді жеребе бойынша сол уақытта әлемдік футболда таныла бастаған жас Лионель Мессиге сеніп тапсырған. Фотограф Жоан Монфорт суреттің түпнұсқа екенін бірнеше рет растаған. Оның айтуынша, бұл – сол кезде ешкім мән бермеген кездейсоқ кездесу.
Ламин Ямалдың өзі де ұзақ уақыт бойы бұл суреттің бар екенін білмегенін айтқан. Кейін фотосурет әлеуметтік желілерде қайта кең тарап, жанкүйерлер жас испандық футболшыны Мессимен жиі салыстыра бастады. Дегенмен Ямал аргентиналық шабуылшыны футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы деп санайтынын, алайда өз мансабын өз жолымен қалыптастырғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина мен Испания құрамалары кездеседі. Финал 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді. Қазақстан жанкүйерлері үшін матч 20 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Мазмұнға өту
