Categories Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады  

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты. Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитетінің отырысында қабылданған еді.

✔️Мемлекет басшысының айтуынша, тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие. Ит – қазақ халқының дүниетанымында жеті қазынаның бірі саналады.

✔️Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды.

✔️Бұдан бөлек, көп ұзамай Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ.

✔️Халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу мақсатында биылдан бастап 3 қыркүйекте Қазақы тазы мен төбет күні аталып өтеді.

✔️Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

✔️Сонымен қатар Президентке әлемнің 100 елін біріктіретін FCI қызметі туралы мәлімет берді.

 

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас жазбалар

Инновациялық саясаттың жаңа басымдықтары айқындалды

Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында инновациялық саясаттың жаңа…

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын…

Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы…