Шартарап

Мексикалық жанкүйерлер Димаштың әуе шарларынан жасалған алып мүсінін қойды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы Монтеррей қаласында өтетін концертіне орай жанкүйерлері ерекше инсталляция дайындады. Олар әншінің 4,5 метрлік бейнесін әуе шарларынан жасап шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жобаны суретші Ольга Лидия Эрнандес өз командасымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының қолдауымен жүзеге асырған. Инсталляция қаладағы сауда орталықтарының біріне қойылған.

Дәл осы Монтеррейде 14 қараша күні Димаш Құдайбергеннің әлемдік DiMENSIONS туры аясындағы концерті өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ерекше туынды қала тұрғындарының назарын қазақ өнерпазының шығармашылығы мен алдағы концертіне аударуға бағытталған.

Көп оқылғандар