Сурет: Egemen Qazaqstan
25 шілде мен 31 тамыз аралығында «Медеу» – «Шымбұлақ» аспалы жолының жұмыс уақыты ұзартылады. Енді ол күн сайын 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Курорт әкімшілігінің мәліметінше, жұмыс кестесінің өзгеруі 24 шілде мен 30 қараша аралығында «Медеу» – Тұйықсу автожолында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізілген көлік қозғалысындағы шектеулерге орай қабылданған.
Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды. «Медеу» – Тұйықсу автожолы арқылы тек арнайы техника, жедел қызмет көліктері және жергілікті тұрғындардың көліктері ғана өте алады.
Жаяу жүргіншілер үшін жол ашық. Балама бағыт ретінде «Студенттер соқпағы» ұсынылады. Ол «Медеу» бөгеті маңындағы №12 және №21 автобус аялдамасынан бастап, «Горельник» визит-орталығына дейін жалғасады.
Мазмұнға өту
