Сурет: FIFA
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында өткізген матч саны бойынша аргентиналық аңыз Диего Марадонаны артта қалдырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Report агенттігінің мәліметінше, 27 жастағы француз 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлде үшін Англияға қарсы матчында негізгі құрамда шығып, мундиальдардағы 22-ойынын өткізді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында ең көп матч өткізген футболшылар тізімінде 8-орынға көтерілді.
Мбаппенің алдында Лионель Месси (33 матч), Криштиану Роналду (27), Лотар Маттеус (25), Мирослав Клозе (24), сондай-ақ Паоло Мальдини, Лука Модрич және Мануэль Нойер (әрқайсысы 23 матчтан) тұр.
Килиан Мбаппе 2024 жылдан бері мадридтік «Реал» клубының намысын қорғап келеді. Франция құрамасы сапында ол 2018 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалында 19 шілдеде Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Францияға қарсы ойнаған Англия құрамасы қола жүлдегер атанды.
Мазмұнға өту
