Басты тақырып

Маусымда 12 өңірде құрғақшылық: Қазгидромет дабыл қақты

Сурет: Қазгидромет

Синоптиктер маусым айында еліміздің 12 өңірінде құрғақшылық болатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, құрғақшылық негізінен батыс және оңтүстік өңірлерді қамтиды. Бұл аймақтарда жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады деп күтілуде.

«Маусым айында республиканың 12 өңірінде топырақ құрғақшылығы байқалады. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіруі мүмкін», — делінген хабарламада.

Аталған өңірлердің қатарында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары бар. Дәл тізім мен қосымша мәліметтер Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланады.

Фермерлер мен шаруа қожалықтарына су үнемдеу технологияларын қолдану ұсынылады.

Көп оқылғандар