Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
Маунтинбайктан Малайзияның Кучинг қаласында өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрама командасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отандастарымыз екі дисциплина бойынша жүлдегерлер қатарына енді. Ерлер арасындағы жарыста Денис Сергиенко екі күміс медальға ие болды. Ол XCC және XCO сайыстарында екінші орын алды.
Әйелдер арасында Татьяна Генелева XCC бәсекесінде үшінші орынға ие болып, қола медаль жеңіп алды.
Былтыр Қытайда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші орын еншіледі.
