Сурет: Egemen Qazaqstan
Марокко құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен матчта Аззедин Унахи екі гол соғып, дубль жасады. Тағы бір голды Суфиан Рахими енгізді.
Турнирдегі Марокко құрамасының үздік мергені Исмаэль Сайбари бірінші таймның ортасында жарақат алып, алаңнан кетті. Бас төреші Майкл Оливер командаларға сегіз сары қағаз көрсетті, оның алтауы бірінші таймда берілді.
Осы жеңіспен Марокко 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы команда болды. Жартылай финалға шығу үшін олар Парагвай мен Франция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

