Сурет: kazfootball.kz
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей кубогінің 2026/27 жылғы маусымындағы тұңғыш голын соқты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресей кубогінің Премьер-лига жолы аясындағы В тобының алғашқы турында Грозныйдың «Ахматы» сырт алаңда «Краснодармен» кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.
Алаң иелері 66-минутта Даниил Уткиннің голымен есеп ашты. 69-минутта ойынға қосылған Максим Самородов 90+3-минутта алыстан дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Бұл – ұлттық құрама шабуылшысының жаңа маусымдағы алғашқы голы.
Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек матчты негізгі құрамда бастап, 55-минутта ауыстырылды. Ол нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.
Кубок регламентіне сәйкес негізгі уақыт тең аяқталғандықтан, жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды. Онда «Краснодар» 5:4 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Самородов өз кезегінде пенальтиден гол соға алмай, добы қақпа маңдайшасына тиді.
Осы нәтижеден кейін «Ахмат» турнирлік кестеде бір ұпай еншілесе, «Краснодар» екі ұпайға ие болды. Ал В тобында үш ұпаймен Мәскеудің «Динамосы» көш бастап тұр.
Еске сала кетейік, Максим Самородов өткен маусымда «Сочи» – «Ахмат» матчының үздік ойыншысы атанған болатын.
Мазмұнға өту
