Сурет: offside.kz
UFC-дің бұрынғы қос дүркін чемпионы Конор Макгрегор жеңілмейтін файтер Шавкат Рахмоновпен ықтимал кездесуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Sport.kz мәліметінше, Лас-Вегаста өткен ресми баспасөз мәслихатында журналистер Конордан Шавкат Рахмоновпен айқасуға қызығушылығы бар-жоғын сұраған. Ирландиялық жұлдыз қазақстандық спортшымен чемпиондық белбеуді жеңіп алған жағдайда ғана жұдырықтасуы мүмкін екенін айтқан.
«Оның ауыр жарақат алғанын білемін. Алдымен толық қалпына келуі керек. Қазір ол маған не ұсына алады? Мен ондай жекпе-жекті ойлануым үшін алдымен чемпиондық титулды жеңіп алуы тиіс. Әзірге ол оған жақын емес», деді Конор Макгрегор.
Айта кетейік, Конор Макгрегор (22 жеңіс, 6 жеңіліс) 5 жылдық үзілістен кейін октагонға оралады. Қазақстан уақыты бойынша 12 шілдеде UFC 329 турнирінде америкалық Макс Холлоуэймен (27 жеңіс, 9 жеңіліс) жартылай орта салмақта кездеседі.
Ал Шавкат Рахмонов (19 жеңіс, 0 жеңіліс) аралас жекпе-жектегі (ММА) мінсіз рекордын сақтап келеді. Алайда қазіргі уақытта тізе жарақатының қайта асқынуына байланысты ұзақ мерзімді оңалту курсынан өтіп жатыр.
Мазмұнға өту
