Сурет: ТСМ
Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан (55 кг) Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде Иран боксшысы Мехди Каземиді 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде отандасымыз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Енді ол Ирак немесе Оңтүстік Корея боксшысымен жұдырықтасады.
Сонымен қатар, қыздар арасындағы бүгінгі сайыста жерлісіміз Виктория Графеева жарысты аяқтады.
