Саясат

Мәжіліс педагогтерді қосарланған есептен босататын заңды мақұлдады

Мәжіліс депутаттары педагогтерді қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босататын заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заңға енгізілетін түзетулердің бірі. Құжат бойынша мұғалімдерге тек бір форматта – қағаз не электрондық есепті жүргізу жеткілікті болады.

Депутаттардың айтуынша, бұл шешім педагогтердің жүктемесін азайтып, олардың негізгі жұмысына – бала оқытуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта мұғалімдер екі түрлі есепті жүргізуге мәжбүр. Бұл олардың уақытын алады. Жаңа норма білім сапасын арттыруға септігін тигізеді», – деді Мәжіліс депутаты.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындалуда. Құжаттың толық мәтіні әлі жарияланған жоқ.

Көп оқылғандар