Қаржы

МӘМС мәртебесін тексеру жеңілдейді: жаңа өзгерістер әзірленді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынылған өзгерістер қабылданғаннан кейін азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесі, МӘМС жүйесіне қатысу кезеңдері, сондай-ақ олардың пайдасына аударылған жарналар мен аударымдар туралы ақпаратты оңай ала алады. Бұл мәліметтерді eGov.kz порталы арқылы онлайн тексеруге болады, мемлекеттік органдарға жеке барудың қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта МӘМС жүйесіне шамамен 17,5 миллион адам қатысады. Сақтандырылған азаматтар профилактикалық тексерулерден өтуге, бейінді мамандардың кеңесін алуға, диагностикалық зерттеулер мен ем қабылдауға, жоғары технологиялық медициналық көмекке, оңалту қызметтеріне және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге құқылы.

Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған мәртебені сақтау үшін жарналар мен аударымдарды уақытылы төлеу қажеттігін ескерткен. Төлемдердің кешіктірілуі мәртебеден айырылуға және медициналық қызметтерге қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін.

Көп оқылғандар