Categories Көңіл ашар

Мәдениет саласы креативті индустрияны қалай ілгерілетіп жатыр: Аида Балаева форумда не деді

Астанада Мәдениет және инновация республикалық форумы басталды. Жиын Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, саланың даму бағыты талқылануда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева форумда сөйлеген сөзінде мәдениеттің креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде мәдениет тек рухани құндылық емес, экономиканың маңызды секторына айналып отыр.

«Мәдениет саласы креативті индустриялардың драйвері ретінде жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді. Біздің міндетіміз – осы әлеуетті толық пайдалану», – деді министр.

Форумда сала мамандары мен сарапшылар мәдениетті цифрландыру, креативті стартаптарды қолдау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өнер мен технологияны ұштастырудың жаңа тәсілдері ұсынылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақ тіліне 30 жаңа сөз енді: тұрмыстық заттарға ұлттық атау берілді

Тіл білімі институты «Тұрмыстық зат атаулары шеберханасы» байқауының жеңімпаздарын жариялап, 30 жаңа сөзді қазақ тіліне…

Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды. Іс-шараға еліміздің…

Анчелотти Бразилия құрамасына Неймарды қосты: әлем чемпионатына дайындық

Карло Анчелотти Бразилия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын тізімін жариялап, оған Неймарды қосты.