Сурет: Еuronews.com
Ағылшын футболының атақты клубы «Ливерпуль» бас бапкер Арне Слотпен қош айтысты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Нидерландылық маман команданы екі маусым ғана басқарды. Оның кету себебі ресми түрде айтылмағанымен, ағылшын бұқаралық ақпарат құралдары бұл шешімнің клуб басшылығы мен бапкер арасындағы келіспеушіліктен туындағанын жазды.
«Біз Арне Слотқа қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және оған болашақ мансабында сәттілік тілейміз», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Қазір «Ливерпуль» жаңа бас бапкер іздеуге кіріскен. Атақты клубтың келесі жаттықтырушысы кім болатыны әзірге белгісіз.

