Сурет: Getty Images
Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси 68 жасында Росарио қаласында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Хорхе Месси ұлының бүкіл спорттық мансабында агенті ретінде қызмет атқарған. Ол көпшілік назарынан тасада болып, сирек сұхбат беріп, әлеуметтік желілерде ұлының жетістіктері туралы жазбалар жариялап отырған.
2026 жылғы әлем чемпионаты басталған алғашқы күндері Месси отбасы Хорхенің денсаулығында күрделі мәселелер бар екенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, әлем чемпионатында сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси Аргентина құрамасымен күміс медаль жеңіп алды. Финалда аргентиналықтар Испания құрамасына 1:0 есебімен жол берді.
Мазмұнға өту
