Шартарап

Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Сурет: instagram/leomessi

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы журналист Эрнан Кастильо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздің мәліметінше, 39 жастағы футболшы әлем чемпионатының финалы алдында киім ауыстыратын бөлмеде Испанияға қарсы матч өзінің Аргентина құрамасындағы соңғы ойыны болатынын мәлімдеген.

Еске салайық, әлем чемпионатының финалында Аргентина қосымша уақытта Испаниядан 1:0 есебімен жеңіліп, Қатарда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады. Лионель Месси турнир барысында сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас беріп, үздік сұрмергендер бәсекесінде Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеге есе жіберді.

Көп оқылғандар