Categories Спорт

Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды

Сурет: championat.com

Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Австрия құрамасына қарсы матчта 38 жастағы шабуылшы ойынның 39-минутында гол соқты. Осылайша Месси әлем чемпионаттарындағы 17-голын тіркеп, тарихи рекорд орнатты.

Ол бұған дейін 16 голмен көш бастап тұрған Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің рекордын жаңартты. Бұған дейін аргентиналық футболшы Алжирге қарсы матчта хет-трик жасап, Клозенің көрсеткішіне теңескен еді.

Клозе рекорды жаңарса, бұған қуанышты болатынын айтып, Аргентина құрамасының капитанын «данышпан» деп атаған.

Қазір Мессидің еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 17 гол бар. Одан кейін Роналдо (15), Герд Мюллер (14) және Килиан Мбаппе (14) тұр. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада мен Мексикада өтеді. Турнир 19 шілдеде аяқталады. Қазіргі әлем чемпионы — Аргентина құрамасы.

Ұқсас жазбалар

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кеткенін растады

ҚФФ Талғат Байсуфиновтың ұлттық құрама бас бапкері қызметінен кеткенін ресми растады. Федерация оның қосқан үлесі…

Месси рекорд жаңартты: Аргентина Австрияны жеңіп, плей-оффқа шықты

Футболдан әлем чемпионатының J тобындағы екінші турда Аргентина құрамасы Австрияны 2:0 есебімен ұтты.

Әлем чемпионаты: бүгін Аргентина, Австрия, Франция және басқа құрамалар алаңға шығады

Бүгін әлем чемпионатында Аргентина мен Австрия, Франция мен Ирак, Норвегия мен Сенегал, Алжир мен Иордания…