Спорт

Ксения Прозорова әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

61 келі салмақта сынға түскен Ксения Прозорова қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ол жұлқа көтеруде өзіне тиесілі рекордты жаңартып, жастар арасындағы әлем және Азия рекордын орнатты.

Жастар арасындағы жарыстың қорытындысы:

Ксения Прозорова (Қазақстан) – 204 келі (94+110)

Муниса Балтаева (Өзбекстан) – 200 келі (89+111)

Хажар Моэни Седех (Иран) – 195 келі (90+105)

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған еді.

Көп оқылғандар