Сурет: Paul ELLIS / AFP via Getty Images
Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Португалия мен Хорватия арасындағы 1/16 финал матчында Роналду рекорд жаңартып, мундиальдағы жалпы голдарының санын 11-ге жеткізді. Бұған дейінгі рекорд Англия құрамасының бұрынғы қақпашысы Питер Шилтонға тиесілі болған. Ол 1990 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін Италияға қарсы 40 жас 292 күнінде ойнаған.

