Әлем

Кемерово облысында Ан-12 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Сурет: ашық дереккөзден

Ресейдің Кемерово облысында Ан-12 әскери ұшағы апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Ягуново ауылының маңында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақ бортындағы адамдардың нақты саны мен жағдайы әлі де анықталып жатыр.

Өңір губернаторының айтуынша, оқиға орнында жедел штаб құрылып, құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмыс істеуде. Ұшақ апатының себептері мен мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапқан болатын. Сондай-ақ Германияда жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйге құлап, екі адам қаза тапқан еді.

Көп оқылғандар