Спорт

Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әлем чемпионатының В тобындағы Швейцария мен Катар құрамалары алғашқы кездесуін өткізді. Ойын Америкадағы «Левайс» стадионында болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі команда алма-кезек шабуылдады. 16-минутта Катар қорғаушысы айып алаңында ереже бұзды, сөйтіп төреші пенальти белгіледі. Эмбола Брель айып добын дәл соғып, есеп ашты. Бірінші таймда Гондурастық төреші Саид Мартинес үш сары қағаз көрсетті: екеуі Катар, біреуі Швейцария ойыншысына.

Екінші таймда есеп өзгермей тұрғанда, Катар ойыншысы Хухи 90-минутта теңестірді. Қорытынды есеп 1:1. Екі құрама бір ұпайдан алды.

Катар екінші ойынын 19 маусымда Канадамен, үшінші турды 24 маусымда Босния және Герцеговинамен өткізеді. Швейцария екінші ойынын Босния және Герцеговинамен, үшінші матчты Канадамен өткізеді.

Көп оқылғандар