Categories Спорт

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ-тың Инглвуд қаласында өткен кездесуде Канада құрамасы ОАР-ды 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз гол қосымша уақыттың екінші минутында соғылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойын басынан Канада басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Алайда ОАР қақпашысы Уильямс шеберлігін көрсетіп, 21-минутта Корнелиустың жақын қашықтықтан тепкен добын, сондай-ақ Бомбито мен Бьюкененнің соққыларын қайтарды. ОАР құрамасы қарымта шабуылдарға иек артты, бірақ Канада қақпашысы да мінсіз ойын көрсетті.

Екінші таймда Канада шабуылды үдете түсті, ал Уильямс қақпасын сенімді қорғады. Кездесу қосымша уақытқа ұласатындай көрінгенде, 90+2-минутта Стивен Эуштакиу айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, матч тағдырын шешті. Бұл гол Канадаға тарихи жеңіс сыйлап, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама берді.

Енді Канада келесі кезеңде Нидерланд пен Марокко жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ол ойын 30 маусым күні сағат 06:00-де өтеді.

Ұқсас жазбалар

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Футболдан ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы команда атанды

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды.

Дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды

Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті.