Сурет: Egemen Qazaqstan
Футболдан әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойында Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары тең нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Торонтодағы «Би-Эм-О Филд» аренасында өткен кездесу тартысты өтті. 21-минутта Босния және Герцеговина сапынан Лукич Йово есеп ашты. Канада құрамасы допқа иелік ету және шабуылдау жағынан басым болғанымен, қарсылас қақпасына гол соға алмай қиналды. Тек 79-минутта ойынға қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Қалған уақытта есеп өзгермеді, қорытынды 1:1. Екі команда бір-бір ұпайдан алды.

