Categories Спорт

Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында Қатар командасын 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Матч барысында Қатар ойыншылары Хомам Әл-Амин мен Ассим Мадибо қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды. Нәтижесінде қатарлықтар кездесуді 9 адаммен аяқтады.

Джонатан Дэвид қарсылас қақпаға үш гол соқса, Кайл Ларин мен Натан-Дилан Салиба бір-бір голдан енгізді. Қатар құрамасының жартылай қорғаушысы Мохамед Әл-Маннаи өз қақпасына бір гол салып алды.

Канада құрамасы бұған дейін 1986 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысып, ешқашан жеңіске жетпеген еді. Биылғы матч олардың әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңісі болды. Осы жеңістің арқасында канадалықтар өз тобында көш бастады.

Ұқсас жазбалар

Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

Ертең Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы күні өтеді. Бұл жарыс балуандарға Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама…

Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті

Мексика Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Файзуллаев әлем чемпионатында алғашқы голын соқты

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Колумбияға 1:3 есебімен есе жіберді. Аббосбек Файзуллаев өзінің алғашқы…