Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде «Саммит» орман өрті бір тәулік ішінде 650 гектарға жуық аумақты жауып, тұрғындарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ТАСС мәліметінше, өрт 10 шілдеде басталған. Калифорнияның өртке қарсы қызметі өрттің шығу себебі әлі анықталмағанын хабарлады.
Жергілікті билік өрттің қауіпті жылдамдықпен таралуына байланысты бірнеше аудан тұрғындарын міндетті түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми ақпарат жоқ.
Fox News телеарнасының жергілікті бөлімшесі куәгерлерге сілтеме жасап, жалынның кейбір тұрғын үйлер мен ғимараттарға жеткенін хабарлады.
Мазмұнға өту
